Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

ЖОБА

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының   2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.

2. «Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы» мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басқару органы болып табылсын.

3. Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні халықты ауыз сумен қамтамасыз ету болып белгіленсін.

4. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, көрсетілген бастапқы құны 758 092 (жеті жүз елу сегіз мың тоқсан екі) тенге болатын мүлік Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» КМК жарғылық капиталына салым ретінде табысталсын.

5. Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» КМК жарғылық капиталы 758 092 (жеті жүз елу сегіз мың тоқсан екі) тенге соммасында бекітілсін.

6. «Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

          - Ақтоғай ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Су» КМК заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

          - осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудан  әкімі                                                                                                                          Қ. Арынов

 

Дата публикации
06 октября 2021