Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу туралы

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге міндетті.

Зиянды, аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жерлерінде де, сондай-ақ мемлекеттік қор, орман қорлары және т.б. жерлерінде де таралуы мүмкін.

2019 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін шалғын көбелегі оларға қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған зиянды организмдер тізбесіне кірді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 Қаулысы –-2020 жылғы тамызда күші жойылды).

Заңмен өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында, шегірткелер зиянкестерін, мемлекеттік босалқы жерлердегі карантиндік арамшөптерді, қауын шыбынын, оңтүстік америкалық қызанақ көбелегін, жеміс дақылдарының бактериялық күйігін қоспағанда, пестицидтердің құнын арзандатып, зиянды организмдерге, аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу бойынша АШТӨ-ге жауапкершілікті бекітуге бағытталған түзетулер енгізілді.

            Мемлекет саны зияндылықтың экономикалық шегінен (бұдан әрі – ЭЗШ) жоғары үйірлі/саяқ шегіртке тектестерге, фитосанитариялық қаупі жоғары карантиндік объектілерге қарсы күрес жөніндегі шараларды қаржыландырады. («Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығы).

            АШТӨ саны ЭЗШ-дан жоғары зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерді және өз аумақтарында карантиндік объектілерді таратпау жөнінде фитосанитариялық шаралар қабылдайды. Бұл ретте пестицидтерді сатып алу шығындарын олардың құнының 50% - ына дейінгі мөлшерде субсидиялау көзделген.

Дата публикации
25 августа 2021