Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар Ақтоғай ауданының ұйымдарында:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы «Ақтоғай ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 246 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі № 5259 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Оспановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Арынов
|
|
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «_____» ___________ №___ қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданының ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
|
№ р/с |
Ұйымдардың атауы |
Қызметкерлердің тізімдік саны |
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санының % - ы) |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
|
1. |
«Ақтоғай-Агро» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
245 |
3 |
7 |
|
2. |
«Ақтоғай ауданы әкімдігі, Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
96 |
2 |
1 |
|
3. |
«Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйісі» мемлекеттік мекемесі |
54 |
2 |
1 |
|
4 |
«Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
110 |
3 |
3 |
|
5 |
«Ақтоғай ауданының Естай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
50 |
2 |
1 |
|
6 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Агрономия орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
55 |
2 |
1 |
|
7 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қараоба орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
60 |
2 |
1 |
|
8 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қ.Ыдырысов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
57 |
2 |
1 |
|
9 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Махмет Қайырбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
82 |
2 |
1 |
|
10 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
61 |
2 |
1 |
|
11 |
«Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының «Ақ бота» бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны |
60 |
2 |
1 |
|
12 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Приреченск атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
72 |
2 |
1 |
|
13 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Тіленшін атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
73 |
2 |
1 |
|
14 |
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
59 |
2 |
1 |
|
15 |
«СольХимПром» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
51 |
2 |
1 |
|
16 |
«Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
129 |
3 |
3 |
|
17 |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
215 |
3 |
6 |