Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2- тармағынын 4) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Респубикасы әділет министрілігінің Павлодар облысының әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 1/3382-И хаты негізінде Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «Сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 152/27 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5826 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Ташенев