Мүткенов ауылы 2021 жылғы «16» маусым
Мүткенов ауылдық әкімдігінің мәжіліс залы сағ. 11-00
Төраға:Төлеков Ерік Қаиржанұлы- Мүткенов ауылдық округінің әкімі;
Хатшы: Уалиева Мадина Райханқызы – Мүткенов ауылдық округінің есепші-бас маманы;
Жергілікті қауымдастық құрамында барлығы 12 адам, оның ішінде қатысқандар 12 адам.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 237/47 шешіміне сәйкес
Күн тәртібінде:
1. Мүткенов ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті, оның
ішінде 2021 жылға арналған бюджетке енгізілген өзгерістер туралы.
Баяндамашы- Мүткенов ауылдық округінің әкімі– Төлеков Е.Қ.
Жиналыс хатшысы ретінде Мүткенов ауылдық округі әкімі аппаратының есепші-бас маманы Уалиева Мадина Райханқызын тағайындау туралы ұсыныстар түсті.
Дауыс беруден соң (12 дауыс берушілер «ия», «қарсы болғандар» - 0, «қалыс қалғандар» - 0, ұсыныс қабылданды.
ТЫҢДАЛДЫ:Күн тәртібінде Мүткенов ауылдық округінің әкімі Е.Қ. Төлеков округтің 2021 жылға арналған бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырып, келесі көлемде мақұлдауға ұсынысжасады.
1) кірістер - 51907 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 1908 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 41 мың теңге;
трансферттер түсімі - 49958 мың теңге;
2) шығындар –52377 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу –нолге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 470 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 470 мың теңге ».
Мүткенов ауылдық округі жергілікті қауымдастық жиналыстың
қатысушылары 2021 жылға арналған бюджетіннақтылауды келісу мәселесі дауыс беруге шығарылды.
ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ:Дауыс беруден соң (12 дауыс берушілер
«ия», «қарсы болғандар» - 0, «қалыс қалғандар»- 0.)
Мүткенов ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу бір ауыздан келісілді.
Жиналыс төрағасы Тулеков Е.К.
Жиналыс хатшысы Уалиева М.Р.