Қараоба ауылы жергілікті қауымдастығы жиналысының №6 ХАТТАМАСЫ

Қараоба ауылы                                               2021 жылғы «16» маусым

 

Қараоба ауылдық әкімдігі ғимараты                               11 сағ 00 мин.

 

 

Төраға: Байдильдина Шолпан Муритовна – Қараоба ауылдық округінің әкімі

Хатшы: Уакбаева Расима Даутовна – бас маман

Жергілікті қауымдастық құрамында барлығы 15 адам, оның ішінде қатысқандар 6 адам, дәлелді себептермен қатыспағандар -9 адам.

1. Т.Султанов

2. А.Шакенова

3. Т.Таскенов                          

4. Д.Мадеев

5. Н.Накенова

6. Б.Мукашев

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 237/47 шешіміне сәйкес

 

Күн тәртібінде:

 

1. Қараоба ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті, оның ішінде 2021 жылға арналған бюджет жобасын нақтылау туралы.

 

               Баяндамашы: Қараоба ауылдық округінің әкімі - Байдильдина Шолпан Муритовна.

Жиналыс хатшысы ретінде Қараоба ауылдық әкімі аппаратының бас маманы Уакбаева Р.Д. тағайындау туралы ұсыныстар түсті.

Дауыс беруден соң (6 дауыс берушілер «ия», «қарсы болғандар» 0 және «қалыс қалғандар» 0) ұсыныс қабылданды.

.

ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібінде Қараоба ауылдық округінің әкімі – Ш.М. Байдильдина ауылдық округтің 2021 жылға арналған бюджетінің өзгерістерімен таныстырды.

 

Бюджетті нақтылау кезінде  4557 мың теңге сомасында кіріс бойынша ескерілді, атап айтқанда:

  • кіріс жағын көбейту:
  • 120 мың теңге – мүлікке салынатын салық;
  • 300 мың теңге – көлік құралдарына салынатын салық;
  • 4257 мың теңге – Аудандық трансферттер түсімі
  • кіріс жағын азайту:

-120 мың теңге – жер салығы;

        шығыс жағында көбейту:

– 3557 мың теңге - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер;

– 1000 мың теңге- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету.

 

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2021 жылға арналған бюджет кірістері 43013 мың теңгені, шығындар – 44535 мың теңгені құрайды.

Қараоба ауылдық округінің  2021 жылға арналған бюджетінің жобасын талқылап,  дауысқа салды.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: Дауыс беруден соң, (6 дауыс берушілер «ия», «қарсы болғандар» 0 және «қалыс қалғандар» 0) Қараоба ауылдық округінің  2021 жылға арналған бюджетінің жобасы бірауыздан нақтыланды.

 

 

Төраға:                     Ш. Байдильдина

Хатшы:                              Р. Уакбаева

Дата публикации
19 июля 2021