Жолболды ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы жиналысының № 6 ХАТТАМАСЫ

Жолболды ауылы                                             16  маусым  2021 жыл

Мәжіліс залында                                                                    сағат 11-00

 

Төраға: Ахтанов Хамит Нұрсолтанұлы-Жолболды ауылдық округінің әкімі

Хатшы: Зейникабиденов Құнанбай Аблайұлы - бас маман

Қатысқандар: 5 адам.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 237/47 шешіміне сәйкес

 

Күн тәртібінде

1. Жолболды ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджеті нақтылау туралы. Бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі

 

Баяндамашы - Жолболды ауылдық округінің әкімі - Ахтанов Хамит Нұрсолтанұлы

Жиналыс хатшысы ретінде Ахтанов Хамит Нұрсолтанұлы ауылдық әкімі аппаратының баса маманы Зейникабиденов Құнанбай Аблайұлы тағайындау туралы ұсыныстар түсті.

Дауыс беруден соң (5 дауыс берушілер «ия», «қарсы болғандар» 0 және «қарсы қалғандар» 0) ұсыныс қабылданды.

 

ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібінде Жолболды ауылдық округінің әкімі                          Х.Н. Ахтанов ауылдық округтің 2021 жылға арналған бюджетінің өзгерістерімен таныстырды.

Бюджетті нақтылау кезінде 4097,0 мың теңге сомасында трансферттер бойынша бюджетті түзету ескерілді, атап айтқанда:

Кірістер көбейту:

120,0 мың теңге-мүлікке салынатын салықтар

650 мың теңге - көлік құралдарына салынатын салықтар

Кірістер азайту:

120,0 мың теңге - жер салығы

3897 мың теңге- аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

         шығыс жағында көбейту:

– 1697,0 мың теңге - Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер;

– 1400,0 мың теңге- елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

  • 1000,0 -Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2021 жылға арналған бюджет кірістері 41754 мың теңгені, шығындар – 42166 мың теңгені құрайды.

 

Жолболды ауылдық округінің бюджетін нақтылауды келісу мәселесі дауыс беруге шығарылды.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: Дауыс беруден соң  (5 дауыс берушілер «ия», «қарсы болғандар» 0 және «қалыс қалғандар» 0) Жолболды ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетіне енгізілген өзгерістер бір ауыздан нақтыланды.

 

Төраға                                                                                Ахтанов Х.Н.

Хатшы                                                                Зейникабиденов К.А.

Комиссия мүшесі                                                                 Омаров К.

                                                                                          Каржаспаев К.

                                                                                        Рахимбекова Н.

Дата публикации
19 июля 2021