Ақжол ауылы 2021 жылғы «16» маусым
Ақжол ауылыдық округінің әкімдігі 11.00.сағат.
Төрағасы: Абельдинова Ольга Александровна – Ақтоғай ауылдық округінің әкімі
Хатшы: Кожагулова Жанаргуль Толегеновна – бас маман.
Жергілікті қоғамдастық құрамында барлығы 8 адам, оның ішінде қатысқандар 8 адам. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 237/47 шешіміне сәйкес
Күн тәртібінде:
1. Ақжол ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджеті нақтылау туралы
Баяндамашы – Ақжол ауылдық округінің әкімі – Абельдинова Ольга Александровна.
Жиналыс хатшысы ретінде Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанаргуль Толегеновна Кожагулованы тағаиндау туралы ұсыныстар түсті
Дауыс беруден соң (8 дауыс берушілер «ия», «қарсы болғандар» 0 және «қалыс қалғандар» 0) ұсыныс қабылданда.
ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібінде Ақжол ауылдық округінің әкімі О.А.Абельдинова ауылдық округтің 2021 жылға арналған бюджетінің өзгерістерімен таныстырды.
Бюджетті нақтылау кезінде 10294,0 мың теңге сомасында трансферттер бойынша ескерілді, атап айтқанда:
- трансферттер көбейту:
1055,0 мың теңге – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.
1000,0 мың теңге- Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
8889,0 мың теңге-«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру.
Салықтар арасындағы бюджет кірістері қайта қаралды, атап айтқанда:
Кірістер көбейту:
650 мың теңге - көлік құралдарына салынатын салықтар.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2021 жылға арналған бюджет кірістері 52967 мың теңгені, шығындар – 54168 мың теңгені құрайды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: Дауыс беруден соң (8 дауыс берушілер «ия», «қарсы болғандар» 0 және «қалыс қалғандар» 0) Ақжол ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетіне өзгеріс біртұтас болып нақтыланды.
Төраға О. Абельдинова
Хатшы Ж. Кожагулова
Жергілікті қауымдастық құрамында: Ш. Садриденов
М.Кусаинов
Ю. Татаренко
Н. Ажманов
В. Соколы
В. Ловчиков
Я. Кравченко
С. Баймухамбетов