Ақтоғай аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 335/72 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ШЕШІМ

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

           1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 335/72 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7127 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 6049589 мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер - 573511 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 9659 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 17303 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 5449116 мың теңге;

         2) шығындар - 6247191 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 69451 мың теңге, соның ішінде:

         бюджеттік кредиттер - 105012 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 35561 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 267053 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                   267053 мың теңге.»;

         2) көрсетілген шешімнің 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

         «6. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға 78423 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.»;

         3) көрсетілген шешімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

         «8. Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 7858 мың теңге сомада бекітілсін.»;

         4) көрсетілген шешімнің 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

         «9. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшермелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер көзделсін.»;

5) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

          2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ақтоғай аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

Г. Мухамеджанова

Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы

 

Ж. Ташенев

 

Шешімге қосымша

Шешімге қосымша
Дата публикации
19 июля 2021