Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторингке байланысты, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2016 жылғы 10 қазандағы № 246 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2016 жылдың 21 қазанында № 5259 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселе жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі |
|
Қ. Арынов |