«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:
2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жариялансын.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау
сайлау комиссиясының төрағасы Ю. Горбенко
Ақтоғай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г. Жумкенова
Ақтоғай ауылы
2021 жылғы 25 маусым
№24