Ақтоғай ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтоғай ауданының ауылдың округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:

  • 1) Ақтоғай ауылдық округі әкімінің – Ақтоғай сайлау округі Ақтоғай ауылдық округінің шекараларында;
  • 2) Ақжол ауылдық округі әкімінің – Ақжол сайлау округі Ақжол ауылдық округінің шекараларында;
  • 3) Жалаулы ауылдық округі әкімінің – Жалаулы сайлау округі Жалаулы ауылдық округінің шекараларында;
  • 4) Қараоба ауылдық округі әкімінің – Қараоба сайлау округі Қараоба ауылдық округінің шекараларында.

2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Ауыл тынысы"газетінде жариялансын.

 

 

 

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау

сайлау комиссиясының төрағасы                              Ю. Горбенко

 

Ақтоғай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                 Г. Жумкенова

 

Ақтоғай ауылы

2021 жылғы 25 маусым

№25

 

Об образовании избирательных округов по выборам акимов сельских округов Актогайского района
Дата публикации
25 июня 2021