"Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің" мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының, Ақтоғай ауданының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру мақсатында әзірленді.

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: жергілікті мемлекеттік басқару.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі» мемлекеттік мекемесі.

3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

3.1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық қағидатын басшылыққа алу;

3.1.2. азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

3.1.3. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұранысына бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

3.1.4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

3.1.5. лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеу;

3.1.6. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға.

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

3.2.1. мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

3.2.2. туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

3.2.3. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділікті тұрақты жетілдіруді қамтамасыз ету;

3.2.4. тікелей басшысына мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндеттемелерді орындау кезінде жеке мүдделілік туралы, Сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға көндіру туралы баяндау;

3.2.5. өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

3.2.6. қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

3.2.7. мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;

3.2.8. егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) қатынаста тұрған адамдардың тікелей бағыныстылығына немесе бақылауына байланысты болса, оны тағайындаудан бас тарту;

3.2.9. сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік таныту;

3.2.10. белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа дереу баяндау.

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныстар енгізу кезінде:

3.3.1. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» заңын қатаң ұстану;

3.3.2. өзіне немесе үшінші тұлғаларға пайда табу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу;

3.3.3. сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды құқықтық актілерде қолданбау.

3.4. Өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар кезінде:

3.4.1. мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

3.4.2. заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген тәртіп бұзушылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

3.4.3. іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау;

3.4.4. басқа мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзуының жолын кесу немесе алдын-алу бойынша өзге де шаралар қабылдау;

3.4.5. ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болу.

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

4.1. мемлекеттік қызметшілерге саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың шешімдері өзінің кәсіби қызметтік қызметіне ықпал ету мүмкіндігіне жол бермей, бейтарап болуға тиіс;

4.2. мемлекеттік қызметшілер сайлау алдындағы үгіт үшін, сондай-ақ референдум мәселелері бойынша үгіт жүргізу үшін лауазымдық жағдайының артықшылықтарын пайдаланбауға тиіс;

4.3. мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың мүдделеріне пайдаланбауға тиіс;

4.4. мемлекеттік қызметші қызметтік әрекетінде адам, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық болып табылатындығы және әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар екендігі туралы конституциялық ережелерді негізге алуы қажет;

4.5. мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы менмендік, дөрекілік, адамды құрметтемеушілік танытумен байланысты емес, оның атына қиянат жасауға, қорқытуға жол бермейтін әдепті болуға тиіс;

4.6. мемлекеттік қызметші қарамағындағы қызметкерлер үшін мінез-құлықтың үлгісі болуы керек (адал, әділ, бейтарап, сыпайы, мейірімді, мұқият және азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста шыдамдылық танытуы керек);

4.7. мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың лауазымдық міндеттерін атқару кезінде қызмет жағдайларына және қызметтік іс-шараның форматына байланысты азаматтардың мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен, дәстүрлілікпен, ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Дата публикации
14 июня 2021