Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Жолболды ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

          Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының                        14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                    23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік                                 басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі Жолболды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жолболды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Жолболды ауылының келесі көшелері:

«Центральная» көшесі – «Достық» көшесі;

«Коммунистическая» көшесі  - «Мұхтар Әуезов» көшесі;

«Озерная» көшесі  - «Атамекен» көшесі;

«Школьная» көшесі - «Ахмет Байтұрсынов» көшесі;

«Ленин»көшесі - «Әйтеке би» көшесі;

«Кабельная» көшесі - «Сырдария» көшесі;

 «Заготзерно» көшесі  - «Ақ жайық» көшесі;

«Степная» көшесі  - « Ұлы дала» көшесі;

«Строительная» көшесі  - «Болашақ»  көшесі болып қайта аталсын.                                                                                                                                                                                                     

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 апреля 2021