Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 333/70 «Ақтоғай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы «Ақтоғай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 333/70 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 7052 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын

2. Осы шешімнің орындалуының бақылауы Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтоғай ауданының жер салығының мөлшерлемелерін арттыру

 

Жерлердің орналасу аймақтары Арттыру пайызы

Ақтоғай ауылдық округі

1 +50%

Ақжол ауылдық округі

1 +50%

Жалаулы ауылдық округі

1 +50%

Жолболды ауылдық округі

1 +50%

Қараоба ауылдық округі

1 +50%

Қожамжар ауылдық округі

1 +50%

Мүткенов ауылдық округі

1 +50%

Дата публикации
13 апреля 2021