Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі Жолболды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жолболды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Центральная» көшесі – «Достық» көшесі;
«Коммунистическая» көшесі - «Мұхтар Әуезов» көшесі;
«Озерная» көшесі - «Атамекен» көшесі;
«Школьная» көшесі - «Ахмет Байтұрсынов» көшесі;
«Ленин»көшесі - «Әйтеке би» көшесі;
«Кабельная» көшесі - «Сырдария» көшесі;
«Заготзерно» көшесі - «Ақ жайық» көшесі;
«Степная» көшесі - « Ұлы дала» көшесі;
«Строительная» көшесі - «Болашақ» көшесі болып қайта аталсын.