1.«Ақтоғайауданыныңбілімбөлімі»мемлекеттікмекемесіАқтоғайауданыныңаумағында білім беру саласында басшылы қететін ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттік органы болыптабылады.
«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға, аптасына 5 жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және басқару жолымен аудан аумағында мемлекеттік білім беру саясатын жүргізу;
2) тұлғаның интеллектуалдық потенциалын дамыту, оны мемлекеттік стандарттарының деңгейіне сәйкес келетін толық, жоғары сапалы білімімен қамтамасыз ету;
3) белсенді азаматтық ұстанымы және отаншылдықтың жетілген сезімі бар тұлғаны тәрбиелеу, Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
4) ғылыми жетістектерін, білім беру басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен жаңа технологияны ендіру, білім ұйымдарының білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің білімдері мен тәжірибелерін ең жақсы қолдануына арналған жағдайларын жасау;
5) білім жүйесіндегі қызметкерлердің заңнамада көзделген әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;
6) материалдық–техникалық базаны дамыту және нығайту;
7) мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.
1) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдарының білім беруді дамыту бағдарламаларын мемлекеттік стандарттар негізінде іске асыру бойынша жұмысын ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
4) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жәрдемдеседі;
6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
7) педагогикалық кадрлардың қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастырады;
8) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
10) балаларға аудан деңгейінде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
12) мектеп олимпиадаларын және жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарын, аудандық деңгейіндегі конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
13) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша функцияларын жүзеге асырады;
14) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуін, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруын және тұрғын үймен қамтамасыз етуін жүзеге асырады;
15) патронаттық тәрбиешінің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару жолымен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз етеді;
16) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
17) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;
20) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды.
1) білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік үдіресін ұйымдастыруының сапасын бақылауды жүзеге асыру;
2) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға білім беру саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
5) «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.
қызметін ұйымдастыру
1) «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
7) «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
27«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
30.Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеге сәйкес Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясыжүзеге асырады.
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына осы мемлекеттік мекемелер басшыларының келісімімен орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде қаржы есептілігін ұсынады.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттікмекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің «Жігер" клубы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
2) «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
3) Ақтоғай ауданы әкімдігінің, Ақтоғай ауданының білім бөлімінің «Өнер мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
4) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қараоба орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Махмет Қайырбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Агрономия орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Х. Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Тіленшін атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қ. Ыдырысов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Приреченск орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Еңбекші орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Естай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шолақсор орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шідерті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығманов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Балтасап негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Жамбыл негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Ленин негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Шілікті негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Қарабузау бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Жалаулы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Кубан бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Жаңатап бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) Қазақстан Республикасы Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының Өтес бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.