Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Егер «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
«Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00–14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
1) экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жаңғырту;
2) Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар қалыптастыру;
3) Ақтоғай ауданының бюджеттік және инвестиция саясатын қалыптастыру;
4) тұрақты экономикалық өсудің қол жеткізуіне және тұрғындардың өмір деңгейінің жақсаруына септігін тигізетін әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру;
5) ауданның жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді құрамын қалыптастыру.
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен әзірлейтін бюджеттік бағдарламаларын келісімдейді;
2) шығыстардың бағыттары мен оларды аудан бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындайды;
3) жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындайды;
4) ауданның әлеуметтік–экономикалық даму болжамын әзірлейді;
5) жылсайын облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын еске алып жоспарланған мерзімге жергілікті бюджетті әзірлейді;
6) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжамдайды;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының, жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды;
8) Ақтоғай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі және қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламалардың көрсеткіштеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функцияларына, уәкілеттілігіне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
10) ауданның бюджет жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюжеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
12) мониторинг жасайды және жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларын бағалауды іске асырады;
13) бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп құрастырады;
14) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;
16) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) ауданның әлеуметтік–экономикалық даму мониторингіне бақылау жасайды;
2) аудан әкімі, әкімдігі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруына экономика және бюджет жоспарлау саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
5) «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
7) жалпы білім беру сыныптары негізінде E-gov электрондық үкімет порталын пайдалану бойынша халықпен оқыту семинарларын өткізуін қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетілетуін ұлғатуын қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
«Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1) «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
7) «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
9) мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл, халық арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық бақылау институтын енгізудің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізу және бұл үшін дербес жауапкершілік болады.
«Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)