Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13.«Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
«Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00–14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтарымен міндеттері
1) Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және қаржы саясатты іске асыру;
2) аудан бюджетінің атқарылуы, аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу;
3) мемлекеттік сатып алулар бойынша мониторинг жүргізу;
4) коммуналдық меншікті есептеу және қолдану тиімділігін арттыру;
5) материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту.
1) ауданның түсімдері бойынша бюджеттің атқарылуын жүзеге асырады;
2) ауданның сратегиялық жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша атқарушы органдардың қызметінің үйлестірілуін жүзеге асырады;
3) аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп және есеп беру жүргізеді;
4) бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің қызметін үйлестіреді;
5) аудандық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, оның атқарылуы туралы есепті дайындайды;
6) ауданның мемлекеттік мекемелерімен ақшалай қаражатты қолдану тиімділігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады;
7) жергілікті бюджетті атқару үрдісін жетілдіреді, бюджеттік бағдарламалау тәсілін, бюджеттік бағдарламаларды бағалау тиімділігін енгізеді;
8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттің түсімдер мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
9) аудан бюджетінің атқарылуына әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
10) аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуына талдау жүргізеді;
11) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
12) аудан әкімдігінің резервтегі қаражаттарының пайдаланылуына талдау және есеп жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын қолдану бойынша аудан әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;
14) «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкіміне және аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсімдердің уақытылы және толық есепке алуын қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды өткізеді;
16) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіпте әзірлейді;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын тәртіпте мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;
18) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
19) жекешелендіруге жататын, аудандық комуналдық меншіктегі объектілердің тізімдерін бекіту жөніндегі аудан әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлейді;
20) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурстарды өткізеді;
21) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
22) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдердің жобаларын әзірлейді;
23) мемлекеттік мүлікті бір түрінен екінші түріне беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
24) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
25) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
26) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
27) сенімгерлік басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
28) аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, оны тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;
29) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
30) аудан әкімдігінің акциясына тиесілі дивиденттердің толық және уақытылы төленуін, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестері арасында аудан әкімдігінің жарғылық капитал үлес бөлігін реттеуге бақылауды жүзеге асырады;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;
32) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін бекітеді;
33) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарастыруына Ақтоғай ауданының коммуналдық меншікті тиімді басқаруына және бюджетті атқаруды қамтамасыз ету саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
3) «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
4) аудан бюджетінің қаражатын тиімді пайдалануға бақылау жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
«Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі.
1) «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
7) «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
9) мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл, халық арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық бақылау институтын енгізудің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізу және бұл үшін дербес жауапкершілік болады;
10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасалады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)