Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 344/74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 344/74 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7174 болып тіркелген, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшадағы 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Ақтоғай ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

Ақтоғай ауылының М. Горького көшесі, 86 бойынша орналасқан Мәдениет үйінің алды.

Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтоғай ауданық мәслихатының  «Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 344/74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

      

Р/с N

Түсіндірме жазбада көрсетілуге

тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан   Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшалары негізінде

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жоқ

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Осы жобаны қабылдау мақсаты қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтіру болып табылады

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтың актілер және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 344/74 шешімі

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

-

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

-

11.

Шешім жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Шешім жобасы Ақтоғай ауданы әкімдігінің ресми сайтында 2021 жылғы 2 наурызда орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар шешім жобасына баспасөз хабарламаны орналастыру туралы ақпарат (күні, сілтеме)

Шешім жобасына баспасөз хабарлама Ақтоғай ауданы әкімдігінің ресми сайтында 2021 жылғы 2 наурызда орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-aktogay/press/news/details/170662?lang=kk

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14.

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоқ

Аудандық мәслихаттың шешім жобасына «Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 344/74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» салыстырмалы кесте

 

№

 

Құрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын

 редакция

Енгізілген өзгерістерді негіздеу

1

1-қосымша 1- тармақ

«Ақтоғай ауданында жиналыс, митинг, пикеттеу нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

Ақтоғай ауылының М. Горького көшесі, 86 бойынша орналасқан Мәдениет үйінің алды.

Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.»

«Ақтоғай ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын: Ақтоғай ауылының М. Горького көшесі, 86 бойынша орналасқан Мәдениет үйінің алды.

Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.»

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес.

 

Пикетке шығуға тыйым салынған орындар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңының 9-бабының 5-тармағымен анықталған.

 

 

 

Дата публикации
02 марта 2021