2021-2023 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет   кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының                         2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                       1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы                     8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 – бабы4 - тармағына сәйкес, Ақтоғай  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 6023399 мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер - 535576 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 7100 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15208 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 5465515 мың теңге;

         2) шығындар - 6023399 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 69451 мың теңге, соның ішінде:

         бюджеттік кредиттер - 105012 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 35561 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - -69451 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                   69451 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетінде облыстық бюджетінен берілетін субвенциялардың көлемі 3616695 мың теңге сомада көзделсін.
  2. 2021 жылға арналған аудан бюджетінде аудан бюджетінен ауылдық округі бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері жалпы 391187 мың теңге сомада көзделсін, соның ішінде:

         Ақтоғай - 174211 мың теңге;

         Ақжол - 34210 мың теңге;

         Жалаулы - 37024 мың теңге;

         Жолболды - 35858 мың теңге;

         Қараоба - 36187 мың теңге;

         Қожамжар - 31961 мың теңге;

         Мүткенов - 41736 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудан бюджетінде аудан бюджетінен ауылдық округі бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері жалпы 285623 мың теңге сомада көзделсін, соның ішінде:

         Ақтоғай - 94397 мың теңге;

         Ақжол - 29438 мың теңге;

         Жалаулы - 33972 мың теңге;

         Жолболды - 30395 мың теңге;

         Қараоба - 31483 мың теңге;

         Қожамжар - 28098 мың теңге;

Мүткенов - 37840 мың теңге.

  1. 2023 жылға арналған аудан бюджетінде аудан бюджетінен ауылдық округі бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері жалпы 285623 мың теңге сомада көзделсін, соның ішінде:

         Ақтоғай - 94397 мың теңге;

         Ақжол - 29438 мың теңге;

         Жалаулы - 33972 мың теңге;

         Жолболды - 30395 мың теңге;

         Қараоба - 31483 мың теңге;

         Қожамжар - 28098 мың теңге;

         Мүткенов - 37840 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға 12000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.
  2. Ауылдық округтердің бюджеттеріне көрсетілген нысаналы трансферттер сомасының үлестіруі Ақтоғай ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.
  3. 8. Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 5858 мың теңге сомада бекітілсін.
  4. Ақтоғай ауданыныңауылдық елді мекендерінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше корғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшермелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер көзделсін.

         10.Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         11. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша

Дата публикации
04 января 2021