1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия - өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтоғай ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Павлодар облысының статистикалық органдары есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
5) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк
мереке күндерi;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
7) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган - «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкiмдерінің шешiмiмен құрылатын комиссия;
10) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкiлеттi орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 3-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы және мереке күндерiнiң тiзбесi:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр - Жеңiс күнi;
3) 1 қазан - Қарттар күні;
4) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні;
5) қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні;
6) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
7) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының жергілікті атқарушы органымен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2 - тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Әлеуметтік көмек Ақтоғай ауданының аумағында тұрақты тұратын келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
1-1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес
Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
1-2) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
2) Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
2-1) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
3) еңбек ардагерлері:
3-1) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
3-2) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
4) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:
4-1) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;
4-2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы).
4-3) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
5) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, атап айтқанда:
5-1) 80 және одан үлкен жастағы тұлғаларға;
5-2) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын немесе ең төменгі мөлшерінен төмен адамдарға;
6) мүгедектерге, атап айтқанда:
6-1) бірінші топтағы мүгедектерге;
6-2) екінші топтағы мүгедектерге;
6-3) үшінші топтағы мүгедектерге;
6-4) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
6-5) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасыларға;
6-6) бұрын бір деңгейдегі білім беру ұйымдарында басқа мамандық бойынша оқығаны үшін өтем алғандарды қоспағанда, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен жоғары немесе орта – арнайы (кәсіптік) білім алуға табыстарын есепке алмай үзінді көшірмесі бар мүгедек студенттер;
6-7) бірінші және екінші топтағы жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер;
7) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен 70 (жетпіс) % аспайтын, атаулы әлеуметтік көмек алатын, төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға;
8) облыстың жоғары оқу орындарында оқитын, отбасының мүшесіне шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
9) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:
9-1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға;
9-2) өрт, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан қаражатсыз қалған тұлғаларға;
9-3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын, аудандық ауруханаға жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұру үшін уақытында жүгінген жүкті әйелдерге;
9-4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы отбасыларға;
9-5) табысы кедейлік шегінің мөлшерінен жоғары, бірақ ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен аз қамтылған отбасыларға;
9-6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларға;
10) әлеуметтік маңызы аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
10-1) онкологиялық аурудан зардап шегетін тұлғаларға;
10-2) туберкулездің әртүрлі формаларынан зардап шегетін тұлғаларға;
10-3) қант диабеті ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
10-4) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балалар.
9. Уәкілетті орган жыл сайын табыстарын есепке алмай әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) атаулы және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Жеңіс күніне орай, осы Қағидалардың 8-тармағының
2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық әйелдер күніне орай, осы Қағидалардың 8-тармағының 9-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Қарттар күніне орай, осы Қағидалардың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне орай, осы Қағидалардың 8-тармағының 6-1), 6-2), 6-3), 6-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Отан қорғаушылар күніне орай, осы Қағидалардың 8-тармағының 1-2), 4-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 8-тармағының 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін «Ақтоғай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған тізім және өтінішке қосымша жеке басын куәландыратын құжат, алушының мәртебесін растау құжат негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі, «Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде – 20 (жиырма) АЕК-ке дейін мөлшерде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 10-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтінішке қосымша жеке басын куәландыратын құжат, алушының мәртебесін растау құжаты, науқастың Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анықтама негізінде – дәрі-дәрмек сатып алуға 7 (жеті) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 10-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтінішке қосымша жеке басын куәландыратын құжат, науқастың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтоғай аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – ШЖҚ «Ақтоғай аудандық ауруханасы» КМК) есепте тұрғаны туралы анықтама негізінде – дәрі-дәрмек сатып алуға 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 6-1), 6-4) тармақшаларында көрсетілген санат үшін өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, мүгедектігі туралы анықтама, оңалтудың жеке бағдарламасы, түбіртектер, шот-фактура негізінде - санаторийге жеке көмекшінің еріп жүруіне 40 (қырық) АЕК дейін мөлшерінде (еріп жүрушінің тұруы, тамақтануы мен жолының шығындарының сомасы туралы құжаттардың қоса берілуімен) әлеуметтік көмек; осы Қағидалардың 8-тармағының 6-3) тармақшасында көрсетілген санатқа 2 (екі) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйым ұсынған тізім негізінде;
осы Қағидалардың 8-тармағының 9-4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін улы газ датчиктері мен газ талдағыштарын орнатуға уәкілетті ұйым ұсынған тізім негізінде 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
осы Қағидалардың 8 - тармағының 6-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін жеке басын куәландыратын құжатты, мүгедектігі туралы анықтаманы, оңалтудың жеке бағдарламасын, оқу орнының басшысы мен мүгедек студент арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартты қоса бере отырып, уәкілетті органға өтініш негізінде оқу жылы үшін нақты оқу құны мөлшерінде жоғары, орта-арнаулы оқу орындарында оқуға ақы төлеуге;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 8-тармағының 5-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтінішке қосымша жеке басын куәландыратын құжатпен, зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі негізінде – тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін төлеуге 2 (екі) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 8-тармағының 1-1), 1-2), 2-1), 4-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін өтінішке қосымша жеке басын куәландыратын құжат, алушының мәртебесін растау құжат –дәрілік препараттар сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде және коммуналдық қызметтерді төлеуге 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 6-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін басын куәландыратын құжат,құжаттармен қоса ата-анасының бірінің өтініші, баланың мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының негізінде – 2 (екі) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтінішке қосымша жеке басын куәландыратын құжат және ШЖҚ «Ақтоғай аудандық ауруханасы» КМК тізімінің негізінде – амбулаторлық емдеуді өту кезеңінде күшейтілген тамаққа 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
осы Қағидалардың 8-тармағының 10-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде - өтінішке қосымша жеке басын куәландыратын құжат және «Ақтоғай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК тізімі негізінде жүзеге асырылады;
осы Қағидалардың 8-тармағының 6-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде дәрі-дәрмек сатып алуға әлеуметтік көмек;
10. Уәкілетті орган табысын ескере отырып әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 8-тармағының 9-4) тармақшасында көрсетілген санат
үшін уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде – «Мектепке жол» акциясы
бойынша бір оқушыға 2 (екі) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ынан (жетпіс) аспайтын табысы бар санаттар
үшін қатты отын сатып алуға 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек - жеке басын куәландыратын құжатты, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде;
осы Қағидалардың 8 - тармағының 9-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек-жеке басын куәландыратын құжатты, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжатты, «Ақтоғай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ға есепке қою туралы медициналық анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде көрсетіледі»;
осы Қағидалардың 8-тармағының 9-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін ірі қара немесе ұсақ қара малды сатып алуға 60 (алпыс) АЕК-ке дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек-жеке басын куәландыратын құжатты, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжатты, ауылдық округ ветеринариялық дәрігерінің малдың бар (жоқ) екендігі туралы анықтамасын, сатып алынатын мал паспортының көшірмесін, ірі қара малды сатып алу;
осы Қағидалардың 8-тармағының 9-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде – телевизиялық абоненттік жалғамаларды сатып алуға 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8-тармағының 9-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде-жеке өтінішінің, жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі, осы отбасының алдыңғы тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтердің негізінде;
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағидалардың 8-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда, өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайда, Ақтоғай ауданы әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты білім беру қызметтерін көрсетуге арналған келісімшарт негізінде – жоғары оқу орнында нақты оқу құны мөлшерінде оқуға ақы төлеуге (жылда бір рет төленеді) және әкімнің гранты бойынша оқитын студенттерге тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағидалардың 8 – тармағының 9-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін 2 (екі) АЕК мөлшерінде тамақ өнімдерін сатып алуға-жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжаты, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі, алдыңғы тоқсанда осы отбасының алған табыстары туралы мәліметтер негізінде;
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілетті органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидалардың 12-27-тармақтары негізінде анықталады.
4 - тарау. Қорытынды ереже
13. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.