Карантинді алып тастау және Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің «Бирлик» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы» № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-01/22 ұсынысы негізінде, Қожамжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің «Бирлик» шаруа қожалығының аумағындағы жануарлардың қарасан ошағын жою жөніндегі кешенді жоспарында қарастырылған ветеринариялық іс-шаралардың орындалуына байланысты, белгіленген карантин алынып тасталсын.
  2. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің «Бирлик» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы» № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7124 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
01 февраля 2021