Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау сұлбасы мен тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы           27 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының        3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы                    13 қарашадағы № 1196 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына  сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 қосымшаларға сәйкес Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау сұлбасы;

9 - қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібі бекітілсін.

         2. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы                       25 маусымдағы «Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 170 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4622 болып тіркелген, 2015 жылғы                          4 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

            3. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы                       25 маусымдағы «Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 170 «Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 болып тіркелген, 2015 жылғы                          4 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

қаулысына 1 - қосымша

Дата публикации
29 января 2021