Қараоба орта мектебі, Шаяхметов атындағы НМ, Балтасап НМ);
- "Ақтоғай Балалар өнер мектебі" МКҚК-да 4,3 млн. теңгеге жылы дәретханалар орнатылды.
4,4 млн. теңгеге жаңа модификация кабинеті (химия кабинеті) сатып алынды.
Мәдениет
Мәдениет мекемелерінің мемлекеттік желісінде 44 мекеме, оның ішінде 20 кітапхана, 24 Мәдениет үйлері мен клубтар жұмыс істейді.
2020 жылы ауданның клубтық мекемелерімен 470 іс – шара өткізілді, оның ішінде 54982 адамды қамтыған онлайн іс-шаралар-254.
900,0 мың теңге сомасына Абжан ауылдық клубының едендеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, Жолболды ауылдық клубының шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді, Ақжол АМҮ ғимаратына және Әуелбек АК бұрынғы ғимаратына техникалық тексеру жүргізілді. Бүгінгі таңда Ақжол ауылындағы АМҮ ғимаратын күрделі жөндеуге және Әуелбек ауылындағы АК бұрынғы ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді. Бұл жобалар 2021 жылы "Ауыл- Ел бесігі" бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржыландыруға мақұлданды.
Аудандық мәдениет үйіне 2,3 млн. теңгеге 2 қазандық сатып алынды.
Клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 1608,1 мың теңгеге музыкалық аппаратура, 750,7 мың теңгеге компьютерлік техника, 800,0 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер, 694,8 мың теңгеге сахналық костюмдер сатып алынды.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 1474 іс-шара өткізілді. Қатысқандар саны 69211 адам, оның ішінде онлайн режимде-67539 және оффлайн-1672 адам.
2021 жылдың 1 қаңтарына кітапхана жүйесінің кітап қоры 145880 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 90845 дана.
Пайдаланушылар саны 12085, оның ішінде физикалық – 3560 және виртуалды – 8525.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 950,3 мың теңгеге 625 дана кітап сатып алынды.
1800,0 мың теңге сомасына Коммуникация орталығы ашылды (Ақжол а.). Жаңа жиһаз сатып алынды: кітаптарға арналған ашық шкафтар, үстелдер, орындықтар, сөрелер, диван және басқада жиһаздар.
"Ауыл- Ел бесігі" бағдарламасы бойынша ДСК-е еденіне, "МИР" спорт залына, Ақтоғай ауылындағы стадионға күрделі жөндеу жұмыстары және Ақтоғай ауылындағы жабық хоккей кортының құрылысы жалпы сомасы 223,8 млн.теңгеге жүргізілді.
Ауданда 31 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде 8 ескерткіш, 14 Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған обелисктер және 9 мемориалдық тақта бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында "Ақтоғай Рухани жаңғыру" қоғамдық қорының қаражаты есебінен Кеңес Одағының Батыры Серікбай Мүткеновтің бюсті орнатылды, ал 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні "Ақтоғай Рухани жаңғыру" қорының қаражаты есебінен дайындалған және тұрғызылған ескерткіш мемориал ашылды.
Абжан мен Жоламан ауылдарының аралығында оргналасқан "Ыбырайым қоры" қабырстанына, қоғамдық қор қаражаты есебінен, 450 мың теңгеге қоршау орнатылды.
Ауданда 179 спорт ғимараттары жұмыс істейді.
Жеті филиалында спорттың 14 түрінен 700 адам контингенті бар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.
Ауданда дене шынықтырумен және спортпен 3800 адам шұғылданады, халықты спортпен қамту жалпы халық санының 30,7% (2019 жылы 30,3 %) құрады.
Денсаулық сақтау
Ауданның медициналық ұйымдарының желісі 28 төсектік және ауысымына 130 келушіге арналған орталық аудандық ауруханадан, 4 дәрігерлік амбулаториядан және 20 медициналық пункттен тұрады.
Медициналық көмекті 27 дәрігер және 98 орта медициналық қызметкер көрсетеді.
Туберкулез ауруының 2 жаңа жағдайы анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 жағдайға аз.
Онкологиялық сырқаттанушылық көрсеткіші 15 жағдайға, 32-ден 17 науқасқа дейін төмендегені байқалады. Онкологиядан 8 өлім жағдайы тіркелді (2019 ж. - 7 жағдай). Онкологиялық аурумен ауыратын 96 науқас есепте тұр.
221 бала дүниеге келді (2019 жылы-208 бала). Өлім – жітім 132 адамды құрады (2019 жылы-113 адам).
Аудандық ауруханаға оттегі концентраттарын, пульсиксометрлерді, портативті ЭКГ, "Когучек" аппаратын, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға 10 млн.теңгеден астам демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
7 ауылдық округте 8 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейді, олардың 7 қызметтік автокөлігі бар.
11 қоғамдық құрылым, оның ішінде 130 полицияның қоғамдық көмекшілері жұмыс істейді.
68 құқық бұзушылық тіркелді (2019 жылы - 84), оның ішінде 4-уі көшеде жасалған. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 5,9% құрайды.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5 жол-көлік оқиғалары орын алып, нәтижесінде 11 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапты (2019 жылы 5 ЖКО, 2-қайтыс болғандар).