Жолболды ауылдық округ әкімі Х.Н.АХТАНОВ

Округ аумағында 3 елді мекен орналасқан: Жолболды, Шұға, Шілікті, жалпы аула
саны – 174. Онда 746 адам тұрады, оның
ішінде Жолболдыда - 407 адам, Шұғада
- 240 адам, Шіліктіде - 99 адам. Экономикалық белсенді адамдардың саны – 546,
оның ішінде тұрақты жұмыс орындарында жұмыс істейтіндері – 395 адам және өзін
– өзі жұмыспен қамтығандар санатына жататындары - 151 адам. Жұмыспен қамту
орталығында 16 адам тіркелген.
Жолболды ауылдық округінде барлығы 126452 га жер бар. (Жолболды-77565 га;
Шұға-23401 га; Шілікті-25485 га). Оның ішінде
мемлекеттік қор жерлері 70271 гектарды құрайды. Бекітілген жер 54132 га, оның ішінде
ауылдық округтің қарамағында 27124 га және
шаруашылық субъектілерінің жерлері 27008
гектарды құрайды.
Ауыл шаруашылығы
2021 жылдың 1 қаңтарына қараған жағдайға ауылдық округтегі мал басы: мүйізді ірі
қара- 4735 бас; қой – 4298; жылқы-2589 басты
құрайды. Мемлекеттік жоспар бойынша мал
сібір жарасына, құтыруға қарсы егіліп, қан
алынды. Қосымша мал толық алқызыл дерматитке егіледі.
Жолболды ауылдық округінде 58 трактор,
2 жүк көлігі, 54 шөп шабатын агрегат бар.
2020 жылы техникалық парк жаңартылды.
Атап айтқанда «Мырзабай» фермерлік шаруашылығы лизинг бойынша екі жаңа МТЗ82,1 тракторын, сондай–ақ, жаңа тракторды
«Ілияс» фермерлік қожалығы, «Медет» ФҚ
лизинг бойынша 7 млн. 800 мың теңге сомасына жаңа МТЗ-82.1 тракторын және 7 млн.
222 мың теңге сомасына жаңа «Газель» автомашинасын сатып алды. Барлық техника қысқы уақытқа арналған мал азығын дайындау
үшін қолданылады.
Биылғы жылы қыстаққа тұратын ауылшаруашылық малдарына шөп дайындау жоспары 10 мың тоннаны құрады. Жоспарлы меже
бойынша қажетті мал азығы толық дайындалды.
Ауылдық округте мал соятын алаң және
мал қорымдары бар, биыл қосымша 1 мал қорымы жөнделді. Тірі салмақтағы 800 бас МІҚ
тапсырылды және таза еттей 386 бас, сондай-ақ тірі салмағы 225 бас және таза еттей
80 бас жылқы өнімдері өндіріліді.
Округте шағын және орта бизнес субъектілері ретінде 34 шаруа және фермер қожалықтары, 14 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.
Оның 3-і сауда қызметімен айналысады. 2019
жылдың 11 желтоқсанында қосымша тағы бір
«Аяла» азық-түлік дүкені ашылды. ЖК басшысы Кусаинов Мирас Ерсаинович. Биыл
азық-түлік жеткізу үшін 7 млн теңгеге жаңа
Газель автокөлігін сатып алды. Ай сайын аз
қамтылған және көп балалы отбасыларға нан
тегін береді.

Тұрғын үй-коммуналдық мәселелер
Округ ауылдарында көше жарығының 109
шамы бар. Биыл тағы бір жаңа нүкте орнатылды. Жыл басынан бері көше жарығының
29 шамы жөнделіп, ауыстырылды.
Жолболды және Шұға ауылдарында КБМ
жұмыс істейді, 2020 жылы Шілікті ауылында
шағын КБМ салынды, онда 4 млн теңгеге жабдықтар сатып алынды.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Жолболды ауылында орталық су құбыры жұмыс
істейді, онда 103 абонент қосылған, қосу бойынша қосымша ағыту жұмыстары жүргізілуде, биыл тағы екі абонент қосылды, екеуі
2021 жылы қосылады.
«Отау-ТВ» спутниктік антеннасы бар, онда
11 телеарна таратылады. «Қазтелерадио» АҚ
«Цифрлық Қазақстан» жүрдек интернет желісі
жұмыс істейді, Билайн ұялы байланысы бар.
Округте 10 әлеуметтік нысан бар: 3 білім
беру мектебі, 2 кітапхана, 2 клуб, 2 медициналық пункт, 1 метеостанция.
2020 жылы Жолболды ауылында жаңа 1
үй пайдалануға берілді, тұрғын алаңы 180
шаршы метр, иесі «Айнара» ФҚ басшысы Әубәкіров Хамит.
Абаттандыру бойынша 80 дана ағаш, 40
бұта отырғызылды. Бюджет қаражаты есебінен 135 мың теңгеге 15 дана шырша сатып
алынды, 420 шаршы метр гүлзарлар мен гүл
бақшалары салынды. 202 дана көлемінде
ағаштарды әктеу жүргізілді, 101 дана ағаштарға санитарлық кесу жүргізілді.
Қоғамдық жұмыстарға 16 адам қатысты.
25 қума метр қоршаулар жөнделді және
жаңадан 120 қума метр көше қоршаулары орнатылды. 6 баннер мен 2 стенд орнатылып,
ауыстырылды. Сондай-ақ, жол белгілері орнатылды және бұл жұмыстар жалғасуда.
Жолболды ауылында қоқыс үйіндісін жандырдық. Бюджет қаражаты есебінен 3750
тонна қоқыс шығарылды және 2100 тоннадан
астам қоқысты жеке тұлғалар шығарды.
2020 жылы Жолболды ауылындағы жалпы
ұзындығы 12 км көшелерді грейдерлеу жүргізілді.
Су тасқыны кезеңі үшін Шұға ауылында
Жолболды-Шұға тас жолына аудандық бюджеттен 17 млн. теңге бөлініп 5 жаңа су өткізу
құбыры орнатылды. Сондай-ақ, ЖолболдыШілікті тас жолына 2 су өткізу құбыры орнатылды.
2020 жылдың желтоқсан айында ауылішілік жолдарды тазарту бойынша «Әмірхан»
ЖК Төлебаев Серік Тұрмысұлымен 270 мың
теңге сомасына шарт жасалды.
Білім беру және денсаулық сақтау
Округ аумағында 3 мектеп жұмыс істейді. Естай, Х. Шаяхметов атындағы ОМ және
Шілікті негізгі мектебі. Мұнда барлығы 115
оқушы білім алады және 53 мұғалім жұмыс
істейді. ЖОББМ қасында шағын орталықтар
жұмыс істейді, оларға 18 бала барады.
Округте халыққа медициналық қызмет көрсету үшін Жолболды ауылында 1 дәрігерлік
амбулатория және Шұға ауылында 1 медпункт бар. 1 дәрігер және 3 медбике халыққа
қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары үшін дәрігер Г.М. Белова апта сайын қабылдау жүргізеді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы
бойынша жергілікті жерлерде, округ ауылдарында халықты медициналық тексеру үшін
медициналық автопоезд келіп тұрады.
Шұға ауылында мед.пунктін жылыту үшін
демеушілік көмек түрінде 1 текше метр отын
сатып алынды.
Жолболды медициналық пунктіне биыл
орталық су құбыры қосылып, жылы дәретхана жөнделді, дәрігерлік амбулаторияға жуынатын бөлме қосылды.
Жастар саясаты, мәдениет және спорт
Округте 14-29 жас аралығындағы жастар
саны 178 адамды құрайды.
Биыл олар еріктілер қозғалысына белсенді қатысты. Аз қамтылған және көп балалы
аналарға, зейнеткерлерге көмек көрсетілді,
азық-түлік апарылды, аулаларды тазалады,
қоршауларды жөндеді, қыс мезгілінде олардың аулаларындағы қарды тазартты, төбесінен қарды тастады.
Жазғы уақытта ауылдық округте 10 студенттен тұратын студенттік жасақ ұйымдастырылды.
Олар сондай-ақ аз қамтылғандар мен зейнеткерлерге көмектесті. Ал Жолболды ауылында аулаларды тазалады және шыршалары отырғызды.
2021 жылға арналған жоспарлар
- Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
ету, жаңа ЖК ашу;
- Ауыл жастарын салауатты өмір салтына
тарту;
- Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі жұмысты жалғастыру; жарықтандыру, көгалдандыру жөніндегі
жұмыстарды жалғастыру;
- Округ бойынша мал басын көбейту.

Дата публикации
11 января 2021