Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
Мүткенов ауылдық округінің жалпы аумағы 62410 га, оның ішінде: шаруа, фермерлік
қожалықтардың жері – 27432 га., егістік жерлер - 11716 га, тыңайған жерлер- 2145 га,
шабындықтар - 1025 га, жайылымдар- 12255
га.
Аймақтағы ауыл шаруашылығының басты
бағыты: мал шаруашылығын дамыту.
Округіміз бойынша биылғы жылы егіс алқаптарына - 450 га, оның ішінде бидай 300 га,
арпа 150 га және көп жылдық шөп (житняк)
80 га аумаққа егілді. Биылғы жылы «Қайрат»
ШҚ өнімділігі 5 ц/га – 1500 цн бидай және
өнімділігі 7 ц/га 1050 центнер арпа орып
алды.
Округ бойынша малдың қысқы азығына
-60480 цн шөп дайындалып, тасып алынды.
Округте 7 фермер және 11 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарына мал басын көбейту және тұқымын
асылдандыруға субсидиялар беріліп, мал
өсіруге қолайлы жағдайлар жасалынуда.
Барлық мерекелік іс-шараларға шаруа,
фермер қожалықтары және жеке кәсіпкерлер
мен ұжымдар демеушілік көмек көрсетеді.
Білім
Округіміздегі мектептерде барлығы 208
бала 2 орта, 1 бастауыш және 1 негізгі жалпы
білім беру мектептерінде оқиды. Барлық мектептерде шағын орталықтар (мини-центрлер)
жұмыс істейді, баратын балалар саны - 52.
Оқушылар тасымалы тұрақты, Жанатап ауылынан Жанабет ауылына - 18 оқушы, Естай,
Шоқпар ауылдарынан Мүткенов ауылына - 2
оқушы тасымалданады. Бірақ пандемияға
байланысты оқу қашықтықтан жүргізілуде.
Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы
шеңберінде, Мүткенов ОМ –нің 4 оқушысына еріктілер тобы мен ұстаздар тарапынан 4
мектеп формасы, спорт формасы және оқуға
қажетті құралдар, барлығы 25,0 мың теңгеге,
Ленин негізгі мектебінің 2 оқушысына оқу құрал жабдықтарын (2000 тн), Нығманов ОМнің 5 оқушысына 5 роутер «Қазтрансойл» АҚнан 100,0 мың теңгеге, Жанатап бастауыш
мектебінің 1 оқушысына «Али» ШҚ-нан
2000 теңгеге оқуға қажетті құрал жабдықтар,
«Жансая» жеке кәсіпкері- 5000 теңгеге мектеп сөмкесін табыс етті.
Жылдың шілде айында «Жасыл ел» экологиялық екі еңбек отряды жасақталып, екі
аусымда жұмыс істеді. Құрамында 15 адам
(16-20 жас аралығында), еңбек отряды ауылдың тазалық жұмыстарын атқарды, атап
айтқанда, Мүткенов ауылының көшелерін тазалап, жалғыз басты зейнеткерлер мен тыл
ардагерлеріне көмек көрсетілді.
Әлеуметтік сала
Қоғамдық жұмыстарға ақпан айынан бастап жыл аяғына дейін жұмыссыздар тарапынан 73 жұмыссыз жұмылдырылып, тұрақты
жұмысқа 6 адам, 7 адам оператор оқуын
оқып шықты, жастар тәжірибесімен – 4 адам
қамтылды, өз істерін ашу мақсатында 14 азамат «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік негіздері
бойынша оқу оқып, 10 адам (жалпы сомасы
5 млн 249 мың теңге көлемінде грант алды),
2 азамат шағын несие алды ( Жумагулов Ж.-
1,5 млн тн, Ильяшева А «Ақ-Нұр» ШҚ - 8,4
млн. тн, барлығы -9 млн 900 мың теңге көлемінде ).
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 18 отбасындағы 95 адамға, оның ішінде 63 балаға тағайындалды.
Шаруа қожалықтарына 10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды,
атап айтқанда «Мадияр», «Қанат Ж.Б.» ,
«Ақ –нұр», «Евангелина» шаруа қожалықтары. Жыл басынан «Ардагер», «Черноярская
жемчужина» шипажайларында 4 зейнеткер
демалып, емделіп келді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Мүткенов ауылында тұрғындарды таза
ауыз сумен қамтамасыз ететін КБМ бар,
ағымдағы жылы жұмыспен қамтудың жол
картасы бағдарламасы аясында Жаңабет,
Әбжан ауылдарына су құбыры тартылды,
бұл құрылысқа 49 адам уақытша жұмысқа
тартылды.
Естай ауылында шағын КБМ қондырғысы орнатылып, іске қосылып, 1 жаңа жұмыс
орны ашылды.
Мүткенов ауылында «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында әр үйді таза ауыз
сумен қамтамасыз ету жұмысы басталып,
2021 жылы жалғасын тауып, іске қосылады.
Жыл бойы округімізде жаңа 8 көше шамдары (Әбжан-1, Мүткенов-3, Естай -1, Жанабет-2, Жанатап- 1) орнатылды, 17 көше жарығы ауыстырылды, барлығына жұмсалған
шығын – 1,5 млн. теңгені құрады.
Жыл басынан 2 баннерге тапсырыс беріліп, орнатылды.
Әбжан ауылында орналасқан «Ыбырайым қорымына» « Ақтоғай Рухани жаңғыру»
қоғамдық қоры есебінен қоршауға 400,0 мың
теңге қаражат бөлініп, 20,0 мың теңгеге бояу
сатып алынып, қоғамдық жұмыскерлер мен
«Жасыл ел» тобы мүшелерінің қатысуымен
орнатылып, сырланды. Әбжан ауылында
орналасқан «Жеңіс алауы» ескерткіші аумағына, облыстық мәслихатының депутаты
А.А.Терентьевтің демеушілік көмегінің арқасында, қоршау сатып алынып, орнатылды,
жұмсалған қаржы сомасы- 1,0 млн.теңгені
құрады, сонымен қатар Жанабет ауылының
өзен жайылмасына көпір төсеу үшін 4 құбыр
бөлді.
Мәдениет және спорт
Қарттар күніне орай онлайн құттықтау өткізілді, әкімшілік тарапынан 14 қарт адамдарға, төсек тартып жатқандарға азық –түлік
себеті (50,0 мың теңгеге) табыс етілді, сонымен қатар Мүткенов Мәдениет үйі, Мүткенов
орта мектебі, Нығманов орта мектебі, Ленин
негізгі мектебі, Жанатап бастауыш мектебі,
Мүткенов дәрігерлік амбулатория ұжымы,
Жанатап, Жанабет ауылдық кітапханалары,
ауылдық клуб ұжымдары барлығы -18 қарт
адамдарға азық –түлік себеттерін (63,0 мың
теңгеге) таратты.
Әр отбасында оқушылар ата-әжелеріне өлеңдер оқып, өз қолдарымен жасалған
сыйлықтарын таратты. Сонымен қатар бала
жастағы мүгедек Айболат Ахботаға -3,0 мың
теңгеге азық-түлік себеті табыс етілді, шаруа
қожалықтары «Айдын» (Сарсенов К.), «Қанат Ж.Б.» (Бейсембаев А.), «Жанатап» (Рамазанов М.) және басқалары жалғыз басты
зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға,
мүгедектерге қысқы мал азығын (шөп) тасуға, барлығы 120,0 мың теңгеге көмек көрсетті.
Жастардан құрылған еріктілер тобы (Асылбек Оразхан, Едіге Шыңғыс, Жолтаева Мадина және т.б.) жалғыз тұратын зейнеткерлерге
отындық жарып, үй маңатын тазалап, көмір
кіргізуге көмектесті. Жаңа жыл мерекесіне
орай барлық елді мекендерде оқушысы бар
әр отбасына, барлығы 180 отбасына азын
аулақ тәттілер салынған қалташалар таратылды, 10 тыл ардагерлеріне азық-түлік
себеттері таратылды. Өткізілген іс-шаралар
әлеуметтік желілерге орналастырылды. Барлық мерекелік іс-шараларға шаруа, фермер
қожалықтары және жеке кәсіпкерлер мен
ұжымдар демеушілік көмек көрсетті.
Сонымен қатар онлайн режимде түрлі спорттық іс-шаралар өткізілді атап. Атап
айтқанда: аудандық «Время удивлять» фотоконкурсына қатысқандар: Едіге Шыңғыс,
Қаирбай Айсана, Бекбол Назерке, Бахтияр
Балнұр жүлделі орындарға ие болды, «Здоровая нация» облыстық байқауына және
«Өзгер» онлайн марафонына қатысқан
Асылбек Оразхан жеңімпаз атанды.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілген «Жас отбасы- еліміздің болашағы» атты жас отбасылар сайысына қатысқан Хонхай Хожаберген отбасы 1 орынға
ие болды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған аудандық онлайн сайыста Ерболат Нұқ-1 орынға
ие болса Файзрахманов Ерасыл, Теміржан
Альмира алғыс хаттармен марапатталды.
«Жас қанат» ЖРО-ның бастамасымен ұйымдастырылған «Онлайн Биатлон» сайысында
Асылбек Оразхан аудан бойынша 2 орынға
ие болды. Сонымен қатар «Еріктілер» жылының жабылуы салтанатына орай өткен
«Уголок» фитнес жаттығуы бойынша сайыста Айболат Есім, Едіге Шыңғыс, Айболат Еділ
құнды сыйлықтармен марапатталды.
Ауылдық округ әкімі аппараты
Мүткенов ауылдық округі аппаратына
2020 жылы 2 жазбаша өтініш түсіп, қаралды,
өтініштер толығымен қанағаттандырылды.
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес жыл
бойы- 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді,
оның ішінде, ««Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу) – 2, «Шалғайдағы ауылдық
елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»-18, «Елді
мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»-3 және «Қызмет көрсету» бұрышы
арқылы барлығы – 268 қызмет көрсетілді.
Бюджет
2020 жылы жергілікті қауымдастық қорынан, оның ішінде, көше жарығына 2 800 мың
теңге қаржы, санитарияға - 3 850 мың теңге,
абаттандыруға -1 717 мың теңге, қар тазалауға- 2 650 мың теңге, Естай ауылына
шағын КБМ орнатуға- 3 250 мың теңге қаржы
бөлініп, толығымен игерілді.
Шешіміні тапқан өзекті мәселелер:
2020 жылы көтерілген төмендегі мәселелер шешімін тапты, атап айтқанда Әбжан
ауылында орналасқан «Ыбырайым қорымы» мен «Жеңіс алауы» ескерткіші қоршалды, Жанабет, Әбжан, Естай ауылдарында
таза ауыз су мәселесі шешілді.
2021 жылға қойылатын мәселелер:
- Жанатап ауылының ауыз су мәселесі;
- Мүткенов дәрігерлік амбулаториясына,
Жанабет медициналық пунктіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Көше жарығына күрделі жөндеу жүргізу,
округтің барлық ауылдарындағы кіреберіс
жолдардағы көшелерді жарықтандыру үшін
желілер құру;
- Кіші және орта бизнесті дамыту.