Қараоба ауылдық округінің жер көлемі
124286 га құрайды. Округтегі 5 елді мекенде 442 аула бар. Тұрғындарға 2 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 2 мәдениет үйі,
2 клуб, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 мед.
пункт, 6 дүкен, 2 мал соятын алаң, 2 сүт
қабылдау пункті, 2 КБМ, 1 ветеринарлық
пункт, 1 қоғамдық қолжетімді пункт, 2 пошта бөлімшесі, 3 насос станциясы қызмет
көрсетеді.
Ауылдық округте атқарылған жұмыстар
мен мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде округтің әлеуметтік - экономикалық
дамуы тұрақты.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
Округте 3 ЖШС-і, 50 шаруа, фермер қожалықтары, 33 кәсіпкер жұмыс істейді. Округіміздің шаруа, фермер қожалықтары мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуда.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 2020 жылы
200 АЕК мөлшерінде 18 адам грант алды, 7
адамға (Тугаев Е., Таскенов Т., Асылова А,
Сагындыкова З) жалпы сомасы 31,0 миллион
теңгені құрайтын шағын несиелер берілді. 11
адам «Бастау Бизнес» оқуын аяқтап, сертификаттар алды.
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 17,2 миллион теңгеге мүйізді қара мал мен жылқы сатып алынды («Касенов»).
«Қазына» фермер қожалығы өз қаражаты
есебінен 3,7 миллион теңгеге пресс сұрыптаушы, шөпке арналған қопсытқыш сатып алды.
Мал шаруашылығы 2021 жылдың 1 қаңтарына МІҚ 4757 бас (өткен жылмен салыстырғанда өсім 106%), ұсақ мал 8624 бас (105%),
жылқы 2218 бас (109%), құс 6278 дана (100%)
құрады.
Ауылдық округте ауылшаруашылық жануарларына профилактикалық ветеринарлық
іс – шаралар толығымен жүргізілді.
Ауылдық округте мал шаруашылығымен
және ауыл шаруашылығы дақылдары – бидай, арпа, тары өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары бар. Биылғы жылы 2645 га
аумаққа дәнді дақылдар – бидай, арпа, тары,
дәнді қоспалар («Аят», «Ақниет», «Молочное
село», «Ырыс», «Касенов»), 350 га алқапқа
майлы дақылдар («Молочное село»), 3044
га жерге азықтық дақылдар («Казына», «Ақниет», «Молочное село», «Ырыс»), 160 га
картоп пен 160 га көкөніс («Молочное село»)
егілді.
Әлеуметтік қорғау
Бүгінгі күні ауыл тұрғындарының саны
1737 адам, еңбекке жарамдысы – 928, өз еңбегімен айналысатындар – 279. Жұмыспен
қамтылғандар саны - 649.
Округте МАӘК алушылар – 14 отбасы. Округте 239 зейнеткер тұрады. Жалғызбасты
тұратын ардагерлерге әлеуметтік қызметкер
бекітілген.
«Қамқорлық» айлығы аясында шаруа қожалықтары басшылары, ұйымдар 50 адамға
250,0 мың теңгенің қайырымдылық көмегін
көрсетті.
«Туған жер» бағдарламасы бойынша демеушілер есебінен «Қараоба» мешіті күрделі
жөндеуден өткізілді.
Биылғы жылы Түркістан, Шымкент қалаларынан 3 отбасы (16 адам) қоныс аударды.
Білім беру және денсаулық сақтау.
Округте 1 дәрігерлік амбулатория, бір медициналық пункт бар, онда 6 маман жұмыс
істейді. Бекітілген кестеге сәйкес қалалық емхананың дәрігерлері пациенттерді қабылдайды. Жылына бір рет округтің ауыл тұрғындарына жылжымалы флюркар және МЕД - қару
жылжымалы медициналық пункті қызмет
көрсетеді.
Жалпы орта білім беретін 2 мектеп және
1 бастауыш мектеп жұмыс істейді, мектепте
220 оқушыға 62 мұғалім білім береді. Биылғы жылы Әуелбек ауылындағы К.Ыдырысов
атындағы орта мектепке 33,0 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды
(жарықтандыру жүйесі жаңартылды, қоршау
орнатылды, кіреберіс аймағы қайтадан құрастырылды). Қараоба орта мектебінде аудандық бюджет есебінен 1,2 миллион теңгеге
жылы дәретхана салынды.
Жастар саясаты, мәдениет және спорт.
Округте 2 мәдениете үйі, 2 клуб жұмыс істейді. Биылғы жылы барлық спорттық және
мәдени шаралар онлайн режимінде өткізілді.
Инфроқұрылым, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері
«Қазпошта» АҚ бөлімшесі ауыл тұрғындарын ақпарат құралдарымен қамтамасыз
етуде. Зейнеткерлерге зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар уақытында жеткізіліп,
таратылады.
Биылғы жылы Исантерек, Жаңаауыл
ауылдарының тұрғындарды сапалы таза
ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шағын
кешенді блок модульдары (КБМ) орнатылды.
Өтес ауылында су құбыры іске қосылды. Мердігер – «Табыс Строй Сервис» ЖШС-і. Әуелбек ауылындағы въездная көшесіндегі ауылішілік жолға 7500,0 мын теңгеге (аудандық
бюджет есебінен) орташа жөндеу жұмыстары
өткізілді.
Қараоба ауылында «Еңбек» бағдарламасы бойынша көшіп келгендерге арналған екі
2-пәтерлі үйлер салынды.
Қоғамдық-саяси жағдай-тұрақты.
Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық
ұйымдармен бірге ауылдың моральді психологиық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамдық - саяси, бұқаралық
спорттық іс-шаралар өткізеді және өткізілуде.
Әкімнің ағымдағы жылға арналған ісқимыл бағдарламасы:
- Қараоба округінің көлемінде ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға, кәсібін ашуға қолдау
көрсету;
- Елді мекендерді көркейту мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
- «Туған жер» бағдарламасын іске асыру
мақсатында жұмыстар жүргізу-Жастар аллеясын аббаттандыру, балалар алаңын орнату;
- Қараоба ауылында дене шынықтырусауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;
- Қараоба ауылындағы Терешкова, Абай,
Муткенов көшелеріне жарық диодты шамдар
орнату.
- Әуелбек ауылында көше шамдарын қалпына келтіру;
- Әуелбек ауылында бос тұрған, қираған
үйлердің орнын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу;
- Әуелбек ауылындағы ауылішілік жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық
– сметалық құжаты әзірлеу.