Жалаулы ауылдық округінде 4 елді мекендер орналасқан: Жалаулы, Балтасап,
Қарасу және Шолақсор ауылдары.
Жалпы халықтың саны – 968 адамды құрайды, соның ішінде: Жалаулы ауылында
– 366 адам, Қарасу ауылында – 87 адам,
Балтасап ауылында – 192 адам, Шолақсор
ауылында – 323 адам тұрады.
Экономикалық белсенді халықтың саны
452. Жұмыспен қамту орталығында 28 адам
тіркелген.
9 жаңа тұрақты, 3 әлеуметтік жұмыс орындары ашылған. 2 адам «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша оқып шығып, өз кәсіптерін ашты. Қоғамдық жұмыстарға 34 адам
қатыстырылды. Округта 97 зейнеткер тұрады.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
Жалаулы ауылдық округінде 220637 гектар жері бар. 2020 жылы 4 ауылшаруашылық
субьектілері конкурска қатысып 5800 га көлемінде жер алды. Оның ішінде 1-і жаңадан
ашылған шаруашылық.
2020 жылдың аяғына округ бойынша ірі
қара малдың саны- 8733 бас; жылқы- 3404
бас; қой- 8816 бас; ешкі- 1562 бас; құс- 8410
дананы құрады. Округте малдың қысқы азығына 18,7 мың тонна шөп шабылып тасымалданды.
Округте: 1- ЖШС, 6- шаруа, 37- фермер
қожалытары және 12- жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.
7 шаруа қожалығы жалпы соммасы 45
млн. теңгеге жаңа техникалар сатып алды.
«Масакпай инвест» ЖШС 645 млн. инвест
жобаны жүзеге асырып 2 мал бордақылау
алаңын салып, 171,2 млн. жаңа техникалар
сатып алды.
«Мега» фермер қожалығы «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын
қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 млн.
теңге несие алып тыңайтқыш шашатын қоңдырғыны және құны 12 млн. теңге тұратын
егін салу кешенін сатып алды. Өткен жылы
300 га егіс алаңынан гектарынан 7-8 центнерден өнім алған. Биыл ауа райының қолайсыздығынан өнім ала алмады. Жоспарында
300 га бидай мен арпаны және 20 га рапсты
егу бар.
«Астық» ФҚ 300 га жерге егін егіп, әр бір
гектардан 10 центнерден өнім алды. 8,5 млн.
комбайн сатып алды. Содан басқа 300 бас
МІҚ бордақылау алаңын ашуды жоспарлап
отыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Астық» ФҚ 42,5 млн. теңгеге Герефорд тұқымды
50 бас ірі қара сатып алды.
Жалпы Жалаулы ауылдық округінің ауылшаруашылық кәсіпорындары саланың дамуына 1 млрд. теңгеге жуық инвестиция салды.
Округте 4 комбайн, 42 трактор, 9 жүк машинасы, 36 шөп шабатың агрегаттар тіркелген.
Коммуналдық шаруашылық
Елді мекендерді абаттандыру жұмыстары
бойынша 220 ағаш пен көшеттер отырғызылды, 300 шаршы метрге гүл отырғызылды, 120
м. қоршау жөнделді.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Жалаулы ауылында Обелискіні қайта құру жұмыстары жүргізілді. 1,3 млн. теңгеге соғысқа
қатысқан батыр аталарымыздың ескерткіш
тақталары орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 170 м жаңа қоршау орнатылды. Шолаксор ауылында дәл соңдай жұмыстар атқарылды. Ауыл паркінің аумағында
жаңа обелиск бой көтерді. Содан басқа фонтан қалпына келтірілді.
Биыл Жалаулы ауылында 11 млн. теңгеге
ұзыңдығы 0,38 км кіреберіс жолының бөлігіне
орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Былтыр Шолақсор ауылында 43,2 млн.
теңгеге ұзындығы 2 км кіреберіс жолына орташа жөндеу жүргізілген болатын. Соның ішінде қосымша су құбыры орнатылып, киыршық
тастар төселді.
Жалаулы ауылында су тасқыны алдын алу
мақсатында ауылдың ішкі жолдарына қосымша су құбырлары орнатылды. Жалаулы ауылының қардың суы жиналатын котлован-қойманы кеңейтіп үлкейту жұмыстары жүргізілді.
Ол жұмыстарға аудандық бюджеттен 8 млн.
теңге бөлінді.
Елді мекендерде көшелерді жарықтаңдыру үшін 100 жарық шамдары істеп тұр.
Ауылдарда тазалық жұмыстары бойынша
1 млн. теңгеге қоқыс орындары тегістелді. 3
мың тонна қоқыс шығарылды.
Жалаулы мен Шолақсор ауылдарында
«Ауыз су» бағарламасы бойынша КБМ жұмыс
істейді. Шолаксор ауылының КБМ- не жөндеу
қажет. Қарасу және Балтасап ауылдарына
шағын КБМ орнатылды. 2 жұмыссыз жүрген
адам оператор болып жұмыспен қамтылды.
Округта «Хабар», «Қазақстан» «Отау ТВ»
сандық телеарналары көрсетіледі. Жалаулы
ауылында биіктігі 25 м телемұнарасы бар 11
телеарна көрсететін цифрлы стансаны орнатып жатыр.
Білім беру саласы
Ауылдық округте 4 мектеп жұмыс істейді:
Нығыман Алшынов атыңдағы Жалаулы және
Шолақсор жалпы білім беретін орта мектептері, Балтасап негізгі мектебі және Жалаулы
бастауыш мектебі. Оқушылар саны – 177.
Мұғалімдер саны -59, барлығы арнайы және
жоғары білімді ұстаздар.
Барлық мектептерде шағын орталықтар
бар. Оған жалпы саны 54 бала жазылып қойған. Әзірше карантинге байланысты қатыспай
жүр.
Қарасу ауылынан Балтасап ауылындағы
негізгі мектепте оқитын 7 оқушыға тегін тасымалдау ұйымдастырылды, 11 орындық УАЗ
автобусы.
Мектептер жалпы көлемі 600 тонна көмірмен қамтамасыз етілді.
Медицина
Округта халыққа медициналық қызмет көрсету саласында Жалаулы ауылында 1- дәрігерлік амбулатория, Шолақсор медпункті және
Балтасап ауылындағы клуб ғимаратында орналасқан медпункт бар. Халыққа 1- дәрігер, 1-
фельдшер және 4- медбике қызмет көрсетеді.
Қарасу ауылының тұрғындарына ДА-ның дәрігері Г.Белова апта сайын қабылдау жүргізіліп отырады. Халықты дәрі-дәрмектермен
қамтамасыз ету үшін 2 дәріханалық пункт
қызмет етеді. Скринингтік тексерулерден 849
адам өтті, флюкардан 225 адам өтті. 12 бала
туды. 3 адам қайтыс болды.
Мәдениет
Округта 1 мәдениет үйі және 2 клуб жұмыс
істейді. /Жалаулы және Балтасап ауылдарында/. Биыл пандемияға байланысты ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған әртүрлі шаралар және ойын-сауықтар
өткізілмеді.
Жалпы дене шынықтырумен айналысатындар 34,5 % құрайды.
3 кітапханананың кітап қоры 25475 дана
кітапты құрайды, соның ішінде мемлекеттік
тілде 9600, орыс тілінде 15875 дана. Оқырмандардын саны 600 адам.
Округтың проблемалық мәселелер:
1. Ақтоғай - Шолақсор автожолының Жолболды-Шолақсор учаскесін жөндеу.
2. Округте ұялы байланыс нашар. Балтасап пен Қарасуда мүлдем жоқ. Округта екі
ауылға (Шолақсор мен Жалаулыда) байланыс станцияларын орнату жоспарлары бар.