Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Мүткенов ауылдық округінің әкіміне кандидатты
тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 11-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің 2026 жылғы 08 маусымдағы жауабы негізінде, Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 1990 жылы туған Саясат Нурланович Биляловты Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің әкіміне кандидатты тіркеу туралы 2026 жылғы 29 мамырдағы шешімнің күші жойылғаны туралы хабарлайды.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы