Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026 жылғы 26 мамырда сағат 18.00-де Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Мүткенов ауылдық округі бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (50 %) - өзін-өзі ұсынды, 2 (50 %) - саяси партиядан ұсынылды.

Орташа бәсекелестік - 4 адам.  

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 31 мамыр сағат 18.00-де аяқталады.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми БАҚ жарияланады.

 

Ақтоғай аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 мая 2026