|
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022жылғы«__»________№ ___қаулысымен бекітілді |
«Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
12.Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
1) құқықтары:
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыруға және әкімшілік жаза салуға;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
шарттар, келісімдер жасасуға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2) міндеттері:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) аппарат өз құзыреті шеңберінде:
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;ауылдың бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
аппарат әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметтік құжаттардың қаралуын қамтамасыз етеді;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
шаруа қожалығын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;
табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын әне әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қолдайды және жәрдем көрсетеді;
тұрғылықты жерлері бойынша жеке тұлғалардың және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасайды;
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді; қылмыстық-атқару инспекцияларының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмекті көрсетеді;
жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
«Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға тұрғын үй бөлуге жәрдемдеседі;
жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде: қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру; қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;
ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
білім алушыларды таяудағы мектепке тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
статистикалық және шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудан мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады;
өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
елді мекен жерлерінде жануарлардың жайылымы үшін орындарды анықтайды;
тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша авариялық жағдайдағы үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдеседі;
агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны ауданның (әкiмдiкке) жергiлiктi атқарушы органына береді;
ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысады;
жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қамтамасыз етеді;
жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады; жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
облыстың жергілікті атқарушы органына тапталған және тозған жайылымдар туралы ақпарат береді;
жеке меншікке және жер пайдалануға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда жер телімдерін береді;
көпшілік сервитуттарды орнатады;
жер телімдерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық әкiмдiкке ұсыныстар енгізеді;
мемлекеттік корпорацияға жер теліміне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жібереді;
жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады;
аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi кенттер, ауылдар категорияларына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
пошта операторларына өздерінің аумақтарына өндірістік объектілерді орналастыруында жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте электронды үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпарат саласында уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2) Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыруүшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдық округінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
мүлкі ауылдық округінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
мүлкі ауылдық округінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау.Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басшылықты жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа мәдениет қалыптастыру және қоғамдық бақылау жүйесін енгізудің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді және осы үшін дербес жауапты болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату