Ауылдық округ аумағында Ауельбек ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Қараоба ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті және Өтес ауылының медициналық пункті халыққа медициналық көмек көрсетеді.
Ауылбек ауылдық дәрігерлік амбулаториясының штаттық құрылымы жалпы практика дәрігері-1, медбике-2, санитар-1, жүргізуші-1, күзетші -1 . Қараоба ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктінің штаттық құрылымы медбике-2, санитар-1, күзетші -1. Өтес ауылының медициналық пунктінің штаттық құрылымы медбике -1, санитар-1.
Медициналық мекемелер "Газель"маркалы жедел жәрдемді санитарлық көлікпен 1 дана көлемінде қамтамасыз етеді.