ХАТТАМА
Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептің ашық талқылауын өткізу хаттамасы
Ақжол ауылы 2026 жылғы 18 наурыз
Төраға: Ақжол ауылдық округінің әкімі Т. Қуанов
Хатшы: Бас маман Ж. Қожагулова
Қатысқандар: 27 адам
Күн тәртібі: Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп.
Тыңдады: Ақжол ауылдық округінің әкімі Т. Қуанов Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі туралы баяндама жасады.
Сөйлегендер:
К. Рамазанов – аудандық Мәслихат депутаты, Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметіне оң бағасын берді.
Қаулы етті: Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есепті қанағаттанарлық деп танып, назарға алу.
Төраға Т. Қуанов
Хатшы: Ж. Қожагулова