
Ауылдық округі шаруашылығының негізгі бағыты - етті мал шаруашылығы.
Округі бойынша 58 шаруа және фермер қожалығы, 3 жауапкершілігі
шектеулі серіктестік тіркелді. 193 шаруашылықтың 122 шаруашылықтың
жеке шаруашылығы бар. 2024 жылдың 1 қаңтарына бойынша 4150 бас
ірі қара мал, 4490 бас қой, 284 бас ешкі, 2165 бас жылқы, 1402 бас құс
тіркелді. Ауылдық округінің 8303 гектар жердегі жалға алынған жерлерінде
егін шаруашылығымен «Ақтоғай-Агро» ЖШС айналысады. Негізгі мәдени
дақылдар бидай мен арпа.