«Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері бойынша есебі

«Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты»

ММ-нің 2025 жылда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері бойынша есебі

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер кәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК бұйрығымен          жылға «Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет көрсетті :

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару;

 - кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

- мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату;

- Жер телімін алуға кезекке қою;

- жер уческесінің жалдау мерзімін ұзарту.

5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары бекітілген.

Ең танымал мемлекеттік қызметтер:

«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;

«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»

2025 жылы барлығы 42 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде                  «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы 18 өтініш түсті, мемлекеттік корпорация арқылы 10 өтініш, және қағаз түрінде 14 өтініш түсті.

Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бұрышы құрылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ауылдық округ тұрғындары қажетті қызметтерді e-gov порталы арқылы ала алады.

«Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы электронды түрде 49 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Наркологиялық ұйымнан анықтама», «Психологиялық көмек көрсету жөніндегі анықтама алу», «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметтері ең танымал қызметтер болды.

Ауылдық округі әкімі аппаратында халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында көрнекі ақпарат (қағидалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атаулары және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштер үлгісі, шағымдар журналы) көрсетілген стенд орнатылған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус жабдықталып, шақыру түймесі орнатылған.

Мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, бекітілген қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Кейбір қызметтер балама және негізде де көрсетіледі.

Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне қатысты шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру шеңберінде Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне тоқсан сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін түсіндіру мақсатында тұрғындармен жиналыс өткізілді.

Тұрғындар арасында электронды мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін брошюралар, парақшалар мен буклеттер тұрақты түрде таратылуда. 2025 жылы халық арасында 2000 брошюра таратылды. 2025 жылдың 4 тоқсанында «Ауыл тынысы» аудандық газетінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы мақала жарияланған болатын.

 

 

Ақтоғай ауылдық

округінің әкімі                                                                А. Жусупов

Дата публикации
20 мая 2026