
Бүгін қала әкімі Спутник станциясы мен Алғабас ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізді.
Кездесуде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, келесі жылға арналған өзекті мәселелер мен міндеттер талқыланды.
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында Алғабас ауылында кентішілік жолдар асфальтталып, тоғыз көшеде көше жарығы жөнделді.
Кездесулер мен жеке қабылдаулар барысында келіп түскен бірқатар сұрақтарға түсініктемелер берілді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.