
Өңір басшысы Ақсу қаласына жұмыс сапарымен келді.
Проблемалық нысандардың бірі – кезектегі тұрғандарға арналған үйдің құрылысының аяқталмауы. Бұл мәселеге облыс әкімінің араласуына тура келді. Үй 2022 жылы салына басталғанымен, қымбаттаушылыққа байланысты қосымша қаражатты қажет етуде. Ақсу әкіміне 10 желтоқсанға дейін мердігермен жобаны аяқтау шарттарын пысықтап, мәселені шешудің нақты жоспарын ұсынуды тапсырды.
Жосықсыз мердігерлер Үштерек, Алғабас, Еңбек және Пограничник ауылдарында да спорт кешендерін салуда сенімдерін ақтамады. Олар бойынша жергілікті билік сотқа жүгінуге дайындалуда. Нысандарды аяқтау үшін аудит жүргізіліп, жаңа мердігерлер таңдалады.
Содан соң өңір басшысы құрылыс жұмыстары 95% аяқталған қалалық Мұз аренасымен, су тазарту құрылыс цехымен және электр желісінің қайта жаңартылуымен танысты. Бұл нысандар бойынша ескертулер жоқ.
Алайда, соңғы күндері өңір басшысына Ақсу тұрғындарынан жылудың әлсіздігіне және ыстық судың болмауына байланысты шағымдар келуде. Сондықтан қаланың барлық коммуналдық қызмет өкілдерімен кеңес өткізіп, жылу параметрлерін жақсарту үшін бірқатар шараларды пысықтады.
_