Әкім аппараттық кеңес өткізді

Әкім аппараттық кеңес өткізді

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. Әлеуметтік нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау.
2. Ақсу қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы мен қол жетімділігін жақсарту бойынша шаралар және халықты маусымдық ауруларға қарсы егу бойынша ұйымдастыру шаралары туралы.
3. Ағымдағы сұрақтар.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлан Шайхсләмұлы келесі тапсырмалар берді:
Нысандарды жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстар мерзімінде аяқталсын, көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту жүйелерін шаю және cығымдау бойынша жұмыстар жеделдетілсін, білім беру және мәдениет нысандарына көмірді мерзімінде жеткізу қамтамасыз етілсін, апаттық жағдайға қызметтердің техникалық дайындығы қамтамасыз етілсін, жылу берілісімен колл-орталықтың жұмысы қайта басталсын, қаржы бөлімі медицина қызметкерлері үшін 2 бөлмелі пәтерлерді резервтеу мәселесін қарастырсын, емхананың құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілсін, халық арасында вакциналау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.