
Қала әкімі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып, өзекті мәселелерді қарастырып, алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады.
Кездесу барысында тұрғындар кентішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, Н.Ш.Дүйсенбинов кездесу барысында Еңбек ауылының командасына көкпар ойынына арналған спорттық жабдықтарды табыс етті.