
Қала әкімінің орынбасары лауазымына конкурстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 4 мамырдағы менің өкіміммен Мұрат Жұмагелдіұлы Абулкалыков тағайындалды.
Мұрат Жұмагелдіұлының «жылу энергетикасы» және «экономика» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Мемлекеттік қызмет өтілі 10 жылдан асады, басшы лауазымдардағы еңбек өтілі – 6 жыл.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.
Абулкалыков Мұрат Жұмагелдіұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, тұрғын үй инспекциясы, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің жұмысын қадағалайды, ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Мұрат Жұмагелдіұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтаймын, оның білімі мен тәжірибесі аймағымыздың дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін!