
Кеңес барысында үш мәселе қаралды:
1. «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы;
2. Жем-шөппен қамтамасыз ету;
3. Ақсу қаласының ауылдық аймағының малдарын қайта есептеу.
Кеңес қорытындысы бойынша Н.Ш. Дүйсенбинов «Ауыл Аманаты» бағдарламасының талаптарына сәйкес жобаларды іске асыруда бастамашыларға көмек пен қолдау көрсетуді, ірі азықпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ аурудың алдын алу шараларын және малды уақтылы вакцинациялауды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.