
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын және тұрақтандыру қорының қызметі туралы;
2. Ағымдағы сұрақтар.
Көтерілген мәселелердің қорытындысы бойынша әкім «Павлодар ӘКК» АҚ-мен тұрақтандыру қорының серіктестер дүкендеріне іріктеу жұмыстарын күшейтуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесінің сақталуын бақылау функцияларын сондай-ақ халықты тұрақтандыру қорының өнімдерін сатуды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы хабардар етуді тапсырды.