
Кеше 23.08.2023 жылы Балалар шығармашылық үйінде қала әкімі Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті.
Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен қаланың даму перспективалары туралы айтып, өзекті мәселелерді талқылады.
Қала тұрғындары Б. Момышұлы көшесіндегі жылумен жабдықтау желілеріне қосылу, жеке сектордағы балалар ойын алаңын орнату, жеңіл атлетика кешенін салу, ағаштарды кесу мәселелерін көтерді.
Кездесу барысында 30-дан астам өтініш келіп түсті. Сұрақтар тікелей эфир барысында да келіп түсті.
Кездесуден кейін мемлекеттік мекемелердің басшыларымен бірлесіп азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Кездесу және жеке қабылдау барысында қойылған барлық сұрақтар, ескертулер мен ұсыныстар әкімнің жеке бақылауына алынды.