
Қала әкімі Достық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстың қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму перспективалары туралы айтып берді.
Кездесу барысында тұрғындар Береке ауылында мал жаюға арналған жердің жоқтығына, Советская көшесіндегі үйлерді электрмен жабдықтау, ауылдың қалған көшелерін асфальттау, қаңғыбас мал иелеріне қатысты шаралар қабылдау мәселелерін көтерді.
Кездесуден кейін жергілікті атқарушы мекемелердің басшыларымен бірлесіп азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.