Қала әкімінің Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Қала әкімінің Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Кеше 17.08.2023 жылы қала әкімі Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен биылғы жылдың аяғына дейінгі жоспарлармен бөлісті. Жиын барысында тұрғындар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, фельдшерлік-акушерлік пункттің жөндеу жұмыстары, бағаның көтерілуі мен жем-шөп тапшылығы, дәріхана қажеттілігі бойынша сұрақтар қойды.
Кездесуден кейін жергілікті атқарушы органдар басшыларымен бірлесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.