
Еліміз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
Ел болашағы үшін жанын беріп, осы күнді бізге табыстап кеткен азаттықты бағалау, қастерлей білу әрбір қазақстандықтың парызы. Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен батыр тұлғалар есімі халқымыздың жадынан өшпеуі тиіс.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік мықты болып, жасампаз еліміздің көк туы жығылмасын!
Нұрлан Дүйсенбинов, Ақсу қаласының әкімі