Ауылдық округ әкімдерінің және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес

Ауылдық округ әкімдерінің және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес

2022 жылғы 13 қазанда Нұрлан Шайхсләмұлы Дүйсенбинов ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қаланың коммуналдық және жол қызметтерінің қысқы кезеңде жұмысқа дайындығы туралы баяндады.
Қала әкімі ТҮКШ, ЖМ және АҚ бөлімінің басшысына, сондай-ақ ауылдық округ әкімдеріне Ақсу өңірінің аумағында жолдарды тиісті күтіп ұстауға техниканың дайындығын тұрақты бақылауда ұстауды, қаланың коммуналдық қызметтерінің басшыларына күзгі-қысқы кезеңде тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуін тапсырды.