Апта сайын сенбі күндері «Ауыл» коммуналдық базарының аумағында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңкелері өтеді.

Жәрмеңкедегі өнімдер әлеуметтік бағамен ұсынылған.
Сиыр еті бір килограмм үшін 2 300 теңгеден, қой еті - 2 000 теңгеден, жылқы еті – 2 500 теңгеден, шошқа еті – 1 800 теңгеден сатылады.
Шикі сүт - 200 теңге, қаймақ - 2 000 теңге, сүзбе - 800 теңге, қымыз - 1 000 теңге. Картоп - 100 теңге, қырыққабат - 120 теңге, қызылша - 120 теңге, сәбіз – 120 теңге, қызанақ - 100-250 теңге, қияр - 250 теңге, үй жұмыртқасы - 400 теңге.
Өнім «Радмир» ШҚ, «Кричун» ЖК, «Әділов» ЖК, «Мамадалиев» ЖК, «Раев» ЖК, «Ақсу Құс» ЖШС, «Павлодарнатурпродукт» ЖШС сияқты жергілікті тауар өндірушілерімен ұсынылған.