
Бүгін Ақсу қаласының № 4 орта мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиынға Ақсу қаласының әкімі Н.Ш Дүйсенбинов қатысты.
Ағымдағы жылы аталған мектепте «Заманауи мектеп» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінгі күні барлық периметр бойынша абаттандыру, спорт және балалар алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілді.
Мектеп ішінде жылыту және желдету жүйелері толығымен ауыстырылды, ішкі және сыртқы есіктер орнатылды, пластикалық терезелер жартылай ауыстырылды, спорт залы, акт залы, асхана күрделі жөндеуден өтті, жаңа сахна және альфа-театр орнатылды.
«Заманауи мектеп» бағдарламасын жүзеге асыру оқу үшін қауіпсіз, заманауи және жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мектеп қабырғасында сабақ беруге мүмкіндік берді.
Биыл Ақсу өңірінде 1 100-ден астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттауда.